24 Наурыз, 2017
1210
«Мейірімді көктем»
Бүгін, Наурыз мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясына бастау берді. Қайырымдылық қозғалысының еріктілері жерлестерінің және қарапайым қайырымды жандардың көмегін жеткізу үшін 12 автобуспен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз 400 отбасының үйіне аттанды.
«Наурыз – бұл игіліктің, бақыттың, қуаныштың, махаббат пен қамқорлықтың көктемгі мерекесі. Сондықтан, бұл күндері игі істер өте қажет, әсіресе оған мұқтаж жандарға. Көктемнің басында біз «Мейірімді көктем» шарасына бастау жариялап, біздің қайрымды жерлестеріміз көмектесіп жатыр! Қазір бұл көліктер әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтағы отбасыларға өз жерлестерінің көмектерін жеткізу үшін аттанды, ал «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлмира Батпакуловаға бүгін мүгедектер арбашалары табысталады. Бұл көмекті де біздің отандастарымыз, жерлестеріміз және жергілікті кәсіпкерлер көрсетіп отыр. Сондай-ақ бүгін біз мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында Наурыз мерекесіне арналған қайырымдылық кешін өткіземіз. Алайда, біз тек бір көктеммен шектелмейміз, бұл тек болашақта әрдайым қоғамға пайдалы болу және мүмкіндіктері бар адамдардың өз игі істерімен басқаларға үлгі болу қажет екендігін көрсететін жолдау болып табылады, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.
«Облыс әкімінің есептік кездесуінде біз бірнеше ұсыныс жасаған едік, солардың бірі мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау болды. Бұл денсаулық сақтау саласының да, мүгедек техникасы саласының да проблемалары болды, алайда негізінен мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектік жәрдемақысынан бөлек тұрақты табысы жоқ. Осы мәселелерде бізді облыс әкімі мен Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы өте жақсы қолдады. Айта кететін жәйт, Алтай Көлгінов Қазақстанд бойынша бірінші болып біздің облысымызда үш ай бойы қайырымдылық өткізілетіндігін жариялады! 1 наурыздан, яғни алғыс айту күнінен бастап көптеген істер атқарылды, және бұндай акция бірінші рет өтіп отыр, алайда мен бұл дәстүрге айналады деп ойлаймын – бұл барлық мемлекеттік органдар басшыларының, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен өтетін «Қайырымдылық балы». Бұл балда жиналған қаржы мүмкіндігі шектеулі жандардың, сондай-ақ барлық әлеуметтік жағынан әлсіз топтардың әл-ауқатын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар олардың өмірінің сапасын жақсартуға жұмсалады. Сондықтан біз өңіріміздің басшысына, сондай-ақ облыстық мемлекеттік мекемелер басшыларына осы шараға қатысқандары үшін, біздің өтініштерімізді қалдырмағандықтары үшін үлкен алғыс білдіреміз», - деді «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлмира Батпакулова.
Ұқсас жаңалықтар
-
Атырауда «Сәлем, Көктем» атты қайырымдылық концерті өтті
-
«Мейірімділік – әлемді құтқарады»
-
ҚХА бірегей идеялар мен ізгі іс-әрекеттердің «Мейірімділіктен – бірлікке» атты конкурсын жариялайды
-
«Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өткізілді
-
«Мейірімділік арқылы бірлікке» қайырымдылық акциясы
-
«Мейірімділік керуені» балаларға шаттық сыйлады
21 Қазан, 18:41
ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ РАХЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ
23 Қазан, 23:56
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
23 Қазан, 01:05
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
25 Қазан, 10:41
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
21 Қазан, 13:42
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ТІЛ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Атырауда «Сәлем, Көктем» атты қайырымдылық концерті өтті
-
«Мейірімділік – әлемді құтқарады»
-
ҚХА бірегей идеялар мен ізгі іс-әрекеттердің «Мейірімділіктен – бірлікке» атты конкурсын жариялайды
-
«Мейірімділік шуағы» қайырымдылық акциясы өткізілді
-
«Мейірімділік арқылы бірлікке» қайырымдылық акциясы
-
«Мейірімділік керуені» балаларға шаттық сыйлады