
10 Наурыз, 2016
2461
Мың бұралған билер
Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім үйінде «Көңілді билер шеруі» атты халықтық билер фестивалі болып өтті. Аталмыш іс-шараға этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар ұжымы қатысты.
Би - бұл әр халықтың тұрмыс – тіршілігін айқындап тұратын өнердің бір түрі болып табылады. Би арқылы әр халықтың өзіне тән мінезін байқауға болады. Аталмыш халықтық би фестивалін ұйымдастырушы «Ақмола облысының поляктары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен Қоғамдық келісім мекемесі қала тұрғындарына би өнерін тамашалап, бір серпіліп қалуға мүмкіндік жасады.
Құттықтау сөз алған «Қоғамдық келісім» мекемесі жетекшісінің орынбасары Манат Исмағұлов Елбасының айтқан үш тілді меңгеру керектігін еске ала отырып, би тілін де түсіне білу керектігін де атап өтті.
«Поляне», «Ритмы гор», «Этно» және «Юность Синегорья» би ұжымдары сонымен қатар этномәдени бірлестік жанынан құрылған «Мисо», «Немрут» және «Жарқын» би топтары бұл кеште бар өнерлерін ортаға салып, мың бұрала түрленіп биледі. Әр этномәдени бірлестік бұл фестивалге өз ұлтының биін алып келді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша фестивальдің негізгі мақсаты - Қазақстанда мекендейтін барлық этнос өкілдері билеріне назар аудару, олардың би өнерімен жақынырақ таныс болу болса, ал негізгі міндет өскелең ұрпақтың биге деген қызығушылығын арттыру, талантты жастарды анықтау, оларға қолдау көрсету болып табылады.
«Бұндай фестивалді өткізу туралы ой келгенде біз ең алдымен –жастарды тарту мақсатымыз болды. Әр ұлттың өз биін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ол сол ұлттың жастары. Сондықтан бүгінгі жиналған шығармашылық ұжымдар алдағы уақытта өз өнерін сақтап, оны жастарға үйрете береді деген сенімдеміз. Біздің фестиваль өткізу туралы идеямызды жастардың қолдағандығына дән ризамыз», - деді өз сөзінде «Ақмола облысының поляктары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Людмила Суховецкая.
Фестиваль соңында барлық шығармашылық ұжымдар Алғыс хаттар және фестиваль символы - статуэткалармен марапатталды.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы қорытындыланды
-
Қызылордада «Мың бала» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды
-
«Мың бала» жобасы: Қазақ тілінің жоғары мәртебесі
-
Петропавлда қазақ тілін озық меңгерген этнос өкілдері анықталды
-
Кәріс ұлтының Қазақ халқына мың алғысы: Қарағандыда Ескерткіш орнатылды
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы қорытындыланды
-
Қызылордада «Мың бала» өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды
-
«Мың бала» жобасы: Қазақ тілінің жоғары мәртебесі
-
Петропавлда қазақ тілін озық меңгерген этнос өкілдері анықталды
-
Кәріс ұлтының Қазақ халқына мың алғысы: Қарағандыда Ескерткіш орнатылды