06 Мамыр, 2020
1174
Н. Назарбаев: Халқымыздың басты құндылықтары: бірлікті, тәуелсіздік пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау - біздің ортақ борышымыз
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Отан қорғаушы күнімен құттықтауы
Құрметті қазақстандықтар!
Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын!
1992 жылы 7 мамырда мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойдым.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап біз еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қарулы қақтығыстардың алдын алуға, Қарулы күштерді дамыту мәселелеріне әрдайым ерекше мән бердік.
Қуатты және қабілетті армия – егемен елдің маңызды атрибутының бірі.
Қазақстан армиясы заман талабына сай қару-жарақпен жабдықталған. Тұрақты түрде оқу-жаттығу ұйымдастырылып отырады. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөліп келеміз.
Әскерилер бейбіт заманға лайық ерлік танытып, алдына қойылған барлық міндетті абыроймен атқаруда. Қазіргі таңда олардың көбі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, пандемияға қарсы іс-шаралардың алдыңғы шебінде коронавирус індетімен күресіп жүр.
Қадірлі Отан қорғаушылар, туған өлкенің тыныштығын абыроймен күзетіңіздер. Жауапкершілік, әділдік пен партиотизмнің жарқын үлгісін көрсете беріңіздер.
Біздің ортақ борышымыз – халқымыздың басты құндылықтары болып саналатын бірлікті, тәуелсіздік пен тұрақтылықты көздің қарашығындай сақтау.
Мерейлі мереке құтты болсын, ардақты отандастар!
Баршаңызға зор денсаулық, күш-қайрат пен бақ-береке тілеймін!
Ұқсас жаңалықтар
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
«Музей мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық әлеуметтік акциясы өтті
-
Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бірлік ансамблі» ән-би ұжымының тұсаукесер-концерті
-
«Көптүрліліктегі бірлік: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы семинар өтті
-
ҚХА МҮШЕСІ, ӘЛЕМДІК РЕКОРДШЫ, ҚАЗАҚ ПАЛУАНЫ СЕРҒАЗЫ БАТЫР: СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН!
-
Бірлік пен ынтымақтастық
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
14 Сәуір, 17:46
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
15 Сәуір, 23:06
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
«Музей мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық әлеуметтік акциясы өтті
-
Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Бірлік ансамблі» ән-би ұжымының тұсаукесер-концерті
-
«Көптүрліліктегі бірлік: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы семинар өтті
-
ҚХА МҮШЕСІ, ӘЛЕМДІК РЕКОРДШЫ, ҚАЗАҚ ПАЛУАНЫ СЕРҒАЗЫ БАТЫР: СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН!
-
Бірлік пен ынтымақтастық