Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Наурыз, 2016

687

Наурыздағы қайырымдылық

Ақтауда көп балалы отбасынан шыққан балалар «Балбөбек» қуыршақ театрынан «Золотой осел Насреддина» атты қойылымын тегін тамашалады. Балаларға арналған игі істі Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтау қалалық филилалы мен «Каспиан Оффшор Констракшн» компаниясы «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында жасады.

Тағылымды іс-шара барысында қуыршақ театрының әртістері балғындарға ойын ойнатып, түрлі ұлттың биін билетті.

«Қайырымдылық жасау, ізгіліктің басты көрінісі деп білемін, - дейді ұйымдастырушы Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтау қалалық филилалының төрайымы Райса Маденова. - Көктемнің басты айы Наурыз айында біз Ақтау кәрістері қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастырудамыз. Мұндағы мақсатымыз – балаларды мерекемен құттықтау және оларға мейрамды сезіндіру. Мұндай шарамызға балалар дән риза. Олар да өз кезегінде бізге алғысын білдіріп жатыр. Еліміздің болашағы болатын балаларымыз аман болсын.

Сондай-ақ, Қазақстан кәрістері қауымдастығының Ақтау қалалық филилалының өкілдері №23 мектептің мұражайына кәріс тілінде кітаптар мен түрлі сыйлықтарды табыстады.

   

   

   

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

Кейін қарай