Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Наурыз, 2023

97

Назардан тыс қалмады

Наурызды мерекелеу күндері Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының белсенділері Орталық алаңмен қоса, Петропавлдың шағын аудандарында да іс-шаралар өткізіп, қонақтарды қарсы алды.

Біздің өкілдеріміздің қатысуымен «City Mall» СОО-да, Хром зауыты, Береке ықшам аудандарында және Жұмысшы кентінде орналасқан қалалық мектептерде қызықты және жарқын мереке өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ Е.А. Семидоцкихке және «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің белсенділеріне, «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері М.Т. Куспанова мен З.М. Бикметоваға, «Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық поляк мәдени орталығының белсендісі А. Голубьке, «Солтүстік Қазақстан облысының украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Л.А. Пытьева мен А.Князевке алғыс білдірді.


Кейін қарай