Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қазан, 2015

796

Өнерімен тамсандырған Зайчиковтар отбасы

Таяуда, 26 қазан күні Астана қаласында «Бірге өмір сүру» байқауы өтті. Тағылымды іс-шарада маңғыстаулық Зайчиковтар отбасы «Ең шығармашыл отбасы» номинациясын жеңіп алды. Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.

Зайчиковтар отбасы республикалық байқауға жолдаманы облыстық байқаудан жеңген соң алған.

Іс-шара отбасы құндылықтарын сақтау, дәріптеу, сондай-ақ, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.

- Байқауда Қазақстанның әр өңірінен келген отбасы мүшелері өздерін таныстырып, өнер көрсетіп, білім сайысында сынға түсті, - дейді қатысушы Залина Икаева. «Біздің отбасы бұл байқауға қатысқанына өте қуанышты. Біз ән айтып, би биледік. Біздің қарсыластарымыз өте мықты болды. Алайда, біз де қатарымыздан қалыспадық. Менің ойымша біздің отбасы бұл байқауда өз өнерін барынша ортаға салды. Оны көрермен мен әділ-қазылар алқасы бағалап, бізге осындай номинация берді деп ойлаймын»

Зайчиковтар отбасына іс-шара қорытындысы бойынша «Ең шығармашыл отбасы» номинациясының дипломы мен бағалы сыйлықтар табысталған.

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай