Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қаңтар, 2017

857

«Норым Мачи» ансамблінің концерті

25-ші қаңтарда Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Pyeongchang Olympic Culture Concert» атауымен концерт өтті. Кештің қонағы кәріс этносының дәстүрлі ансамблі «Норым Мачи» болды.

2018 жылы Пхёчханде өтетін қысқы олимпиадалық ойындар мен 2017 жылы Алматыда өтетін Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың құрметіне өткізіліп жатқан бұл іс-шараның ұйымдастырушылары: Корея Республикасының елшілігіндегі Корей мәдениеті орталығы мен «Қызылорда облыстық корейлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі.

Салтанатты кеште «Қызылорда облыстық корейлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Ким сөз сөйледі. Жиналған қауымның құрметіне самульнор – көне соқпа музыкалық құралдарында сиқырлы әуен ойналып, пансори – халықтық әні орындалды.

***

 «Норым Мачи» кәріс халқының дәстүрлі ансамблі 1993 жылы құрылған. Ансамбль әлемнің музыкалық алаңдарында жиі өнер көрсетеді. Бүгінгі күнге дейін бұл өнерпаздар 50 ел мен 170 қаланың тұрғындарын ерекше әуендерімен таңқалдырды.

Кейін қарай