Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Желтоқсан, 2023

135

Атырауда "Камелия" ұлттық би ансамблінің 30 жылдық мерейтойына арналған "В кругу друзей" атты мерекелік концерт өтті

Бүгін, 10 желтоқсанда, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында Атырау облысы ҚХА қолдауымен "Былина" орыс этномәдени бірлестігінің құрылғанына-- 20 жыл және "Камелия" ұлттық би ансамблінің 30 жылдық мерейтойына арналған "В кругу друзей" атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиынды ашқан аталмыш бірлестік төрағасы А.Кораблёв қонақтарды 20, 30 жылдық мерейтой тарихымен таныстырып өтті. Құрылған сәттен бастап қоғам өміріне белсене араласқан бірлестік жұмысы атыраулықтарға жақсы таныс. Әсіресе, бір ғана қайырымдылық көмек көрсету арқылы да көптің ықыласына бөленген "Былина" орыс ЭМБ мен өңірдің мәдениетін көтеруде халық игілігі үшін қызмет етіп келетін "Камелия" ансамблін мерейтойымен құттықтаған Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары С. Әжіғалиев бірлестік төрағасы А. Кораблёвқа Алғыс хат табыс етті.

"Былина" орыс ЭМБ, "Камелия" ұлттық би ансамблі және Орыс Халық театрының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концертте "Гурьевчанка", "Камелия" ансамбльдерінің шығармашылық ұжымы, "Фантазия" студиясы мен тағы басқа өнерпаздар өз өнерлерін тарту етті.

Кейін қарай