06 Ақпан, 2017
761
Қоғамдық келісім кеңесі Елбасы Жолдауын қолдайды
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің ұйытқы болуымен конституциялық реформа жобасы мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша талқылауы өтті. Аталмыш стратегиялық құжаттарды талқылауға Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, облыстық қоғамдық келісім кеңесі, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ақсақалдар мен аналар кеңесі, сонымен қатар облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Ш.Тілеумұрат және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Қ.Нұрманбетов қатысты.
Конституциялық реформа жобасына Жамбыл облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Шәбден Тілеумұрат тоқталып өтті. Өз сөзінде ол: «Конституциялық реформа – бұл билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу. Яғни, Президент, Парламент және Үкіметтің өкілеттілігі нақты белгіленеді. Осылайша Қазақстан президенттік басқарудағы республика және біртұтас мемлекет болып қалады. Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында ел басында мықты Президент, беделді Парламент және есеп беретін Үкіметпен бірге әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруге арналған барлық көкейкесті мәселелерді шешетін боламыз», - деді.
«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламалары сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттауы қажет», - деп Елбасы Жолдауының білім беру жүйесіндегі жаһандану мәселесі жайында өз ойымен заң ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің заң факультетінің деканы Қайрат Нұраманбетов өз ойымен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті