26 Ақпан, 2016
1012
Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуі
24 ақпан күні Бердібек Сапарбаевтың облыс халқына есеп беру кездесуі «Қоныс» спорт сарайында өттi. Шараға азаматтық қоғам өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, кәсіподақ ұйымдарының басшылары, қоғамдық, діни, облыстағы этномәдени бірлестіктердің, ipi шаруашылық субъектілерінің, қаржы институттарының, БАҚ өкілдері катысты, онлайн режимінде облыстың 12 ауданының тұрғындары да қосылды.
Есеп беру кездесуге сонымен катар, Ақтөбеге келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов, КР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Шалқар Байбеков, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишимбаев, КР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар қатысты.
Eсепті талқылау біткесін облыс әкімі тұрғындардан түскен сұрақтарға жауап берді және де жиынға қатысушылармен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын мерекелеу жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Облыс басшысы сондай-ақ, онлайн режимінде аудан тұрғындары тарапынан түскен сұрақтарға да жауап берді.
Облыс әкіміне 139 сұрақ, оныц ішінде хат кабылдау жәшіктеріне - 25, әкімнің блогына - 100, сайтқа - 14-i келіп түсті.
Аймақ басшысы есеп беру жиналысына әзірлік және оны өткізу барысында түскен сұрақтардың бәрi де мұқият қаралып, әрбір сұраққа жауап берілетінін айтты. Өзекті, көп уақытты қажет ететін мәселелер бойынша іс-шаралар жоспары жасалып қабылданады және оны жүзеге асыру қатаң қадағалауға алынады.
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
Ақтөбе облысында ҚХА 30 жылдығына орай бірқатар шаралар өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті