Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қыркүйек, 2021

239

Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Достық үйінің мәжіліс залында Қызылорда облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Асылбек Жұмабаев, кеңестің қала және аудандық мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес экологиялық мәселелерін кешенді шешу және экологиялық жағдайды одан әрі жақсарту мақсатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасы бекітілген болатын.


Кешенді жоспар 7 бағытты қамтитын 52 іс-шарадан тұрады. Кеңес отырысында аталған 7 бағыттың ішіндегі су ресурстарын реттеу, қалдықтарды басқару саласы, «Жасыл белдеуді» дамыту, көгалдандыру және көркейту бағыттары бойынша Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова ақпарат берді.


Кеңес мүшелері аталған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Отырыс қорытындысы бойынша хаттама әзірленіп, тиісті атқарушы ұйымдарға жолданды.

Кейін қарай