Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Ақпан, 2024

74

Онлайн форматта өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері директорларының республикалық Әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті

Онлайн форматта өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлері директорларының республикалық Әдістемелік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Әдістемелік кеңес өткізудің негізгі мақсаты - өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлерінің қызметін реформалау мәселелерін қарастыруға бағытталған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова, әкімдіктердің Қоғамдық даму және ішкі саясат басқармаларының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімдерінің өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ мен Достық үйлерінің басшылары қатысты.

Кіріспе сөзінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин «Қоғамдық келісім» мекемелерінің Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік қоғамдық құрылымдарымен жұмысының бірыңғай тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлерінің қызметін қайта форматтау бойынша шараларға сәйкес сапалы жұмысты ұйымдастыру аса маңызды», - деп атап өтті.

Отырыс аясында «Қоғамдық келісім» мекемелері мен Достық үйлері қызметінің проблемалық мәселелері талқыланды және бірқатар маңызды бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, Достық үйлерін ресурстық орталықтарға айналдыру қажеттілігі, ақпараттық жұмысты күшейту, түрлі форматтар мен тақырыптар бойынша челлендждер, акциялар ұйымдастыру, этномедиация бағытындағы жұмысты үйлестіру мәселелері бойынша тиісті тапсырмалар берілді.


Кейін қарай