Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Ақпан, 2024

87

Оралда бірлік бастауы болған армяндардың "Терендез" ұлттық мейрамы атап өтілді

Биыл да дәстүр бойынша БҚО ҚХА «Масис» армян этномәдени бірлестігі «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен «Терендез» атты ұлттық армян мерекесін өткізді. Іс-шараға облыстық Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің, БҚО ҚДБ «Қоғамдық келісім» КММ, БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.

Мерекенің мәні-ғашық жұптар арасындағы сезімдерді нығайту болып табылады. Ежелгі наным-сенімдерге сәйкес, қол ұстасқан күйі оттан секірген адамдар арасында жанжал мен түсініспеушілік болмайды деседі. Осылайша, арнайы жағылған оттың жанында жас жұбайлар мен келген қонақтар айнала биледі.

Бұдан әрі мереке армян этносының қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесімен жалғасты, сондай-ақ дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Іс-шара концерттік бағдарламамен және еліміздегі этносаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Масис» армян этномәдени бірлестігі Төрағасының атынан алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен аяқталды.


Кейін қарай