Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қараша, 2023

248

Оралда «Сөздің көркі - мақал» атты іс-шара өтті

Ғасырлар бойы ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап, мәнін жоймай сақталған мақал-мәтелдерден қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман мүддесіне дейін байқауға болады. Мағынасы терең, ойды дәл берген мақалды кез келген дау-жанжалда, халық өміріне қатысты қажетті шешім қабылдағанда орнымен қолданудың маңызы зор болған. Ал ондай кезде "Аталы сөзге арсыз жауап береді" деп, қандай жағдайда болмасын орнымен айтылған жүйелі сөзге тоқтаған.


Бүгін 13 қараша күні Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ағайын» қазақ қоғамдық бірлестігі өкілдерінің ұйымдастыруымен «Сөздің көркі - мақал» атты іс-шара өткізіліп, қазақи нақыштағы қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.


Іс-шараның мақсаты – ана тілімізді дәріптей отырып, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде мақалдап сөйлеудің аясын кеңейту және тіл үйрету курсын қорытындылау.


Шара барысында студенттер мен мектеп оқушылары, шақырулы қонақтар мақал-мәтел айту сайысында жоғары деңгейде, ой ұшқырының шапшаңдығын, тереңдігін көрсете отырып белсенділік танытты.


Аталмыш іс-шараға Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Шөкеева Гүлжанар Болатқызы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері, «Тіл мұра» Қоғамдық бірлестігі, Журналистер клубының мүшелері, «Ассамблея жастары» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, және БАҚ өкілдері қатысты.









Кейін қарай