Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Қыркүйек, 2022

133

ОРТАҚ КҮШ-ЖІГЕРМЕН

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қостанай облысының тұрғындарына көмек ретінде Гуманитарлық акцияны жалғастыруда. Оған этномәдени бірлестіктер, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері – волонтерлік орталықтары, Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, этномедиаторлар, "Ассамблея жастары" РҚБ, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, "Шаңырақ" ҚХА кафедраларының қауымдастығы қатысты. Барлық өңірлердегі 40 Достық үйінде көмек жиналды. ҚХА волонтерлерінің жұмысын тікелей сол жерде "Асамблея жастары" РҚБ басшысы Тимур Жумурбаев үйлестірді. 9 қыркүйектегі деректер бойынша ҚХА-ның барлық өңірлік өкілдіктері жалпы сомасы 60 031 276 теңге ақша қаражатын жинады және аударды. Сонымен қатар 243 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Елдің барлық азаматтары көрсеткен бірлік пен жоғары дамыған азаматтық жауапкершілік сезімінің арқасында зардап шеккен отандастарға қысқа мерзімде маңызды және шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік туды.

Кейін қарай