Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Ақпан, 2016

857

Осетин ЭМБ мүшелері Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті

Достық үйінде «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің мүшелері  Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Іс - шара барысында жиын қатысушылары ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жайлы өз ойларын айтып, осетин ұлты жайлы мол мағлұматқа қанықты.

«Біздің мақсат оқушыларға осетин ұлтының салт-дәстүрі жайлы кеңінен ақпарат беру, - дейді «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле. - Бүгінгі кездесуге біз оқушылар үшін өзіміздің ұлттық киімдерімізді әкелдік. Мұндағы мақсат оқушыларға осетин ұлтының ұлттық құндылықтарын түсіндіру. Бүгінде Елбасының сарабдал саясатының арқасында біз бір шаңырақ астында жүздеген ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Қазақстандағы этносаралық келісімге бүгінде әлемнің көптеген елдері қызыға және таңдана қарайды. Мұның барлығы Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасы деп білемін».

«Бұл жиын маған ерекше әсер қалдырды, - дейді химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Тахмина Бекқалиева. - Елбасы біз сияқты жастарға көп үміт артады. Біз де өз тарапымыздан бізге деген сенімді ақтау мақсатында тынбай оқып, талмай еңбектенеміз деген сенімдемін. Бүгін мен осетин ұлты жайлы көп мағлұмат алдым. Бұл мен үшін мол азық деп білемін».

Кездесу соңында оқушылар этномәдени бірлестіктердің құнды жәдігері қойылған мұражайын аралап көріп, естелікке суретке түсті.

   

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

Кейін қарай