Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2022

443

Қостанай тұрғындары Алғыс айту күніне орай мерекелік концертті тамашалады

Қостанай қаласында Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.


Концерт барысында тетарланған көрініске кәсіби әртістер емес, дәрігер, полицей, өрт сөндірушілер шықты. Сол секілді әсем әуендер шырқалып, «Карнавал» би мектебінің шәкірттері өздерінің өнерлерін паш етті. Концерттік бағдарлама барысында бір ай бойы жастар арасында өткізілген байқаудың жүлдегерлері марапатталды. Байқауға қатысушылар төрт номинация бойынша сынға түскен еді.


«Алғыстың шегі жоқ» номинациясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінің командасы жеңімпаз атанды. «Ұлы дала - қуғынға ұшыраған халықтардың панасы» номинациясының жеңімпазы ЧелМУ студенті Валерия Чупик болды. А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ журналистика факультетінің 3 курс студенттері Валерия Соколовская мен Лариса Божко «Бір фотосурет тарихы» номинациясында үздік деп танылды. Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенті Виталий Гурскийдің жұмысы «Қайырымдылық» номинациясы бойынша марапатталды.


Барлық жеңімпаздарға Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Кейін қарай