Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Наурыз, 2017

1241

Отбасылық, мұрагерлік істерде медиация тәжірибесін қолдану

        Атырау қаласындағы Достық үйінің Медиация кабинетінде «Отбасылық, мұрагерлік және басқа да істерде медиация тәжірибесін қолдану» тақырыбында республикалық «Ұлттық медиаторлар палатасы» қоғамдық ұйымының Атырау облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Марина Мұхтарованың қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.

      Семинарға аудандық Аналар кеңестерінің мүшелері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

      Семинар-тренингтің бағдарламасы отбасылық және мұрагерлік дау-жанжалдарды реттеу және алдын-алу бағытында кәсіпқой емес медиаторларды оқытуға арналған және медиация рәсімін өткізуге қажетті білімдер беру.

       Кәсіби медиатор М.Мұхтарова семинарға қатысушыларға  отбасылық, мұрагерлік және әлеуметтік даулар туралы кеңінен айтып өтті. Осы уақытқа дейін атқарылған қызметтері мен қосқан үлестерін баяндады. Медиацияны дамытып, оны қоғамға кеңінен тарату жолдарын ұсынды.

       -  «Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты -  қоғамдық келісімді нығайту, достық пен толеранттылық идеяларын насихаттау болып табылса, медиация дегеніміз, ол қоғамдағы кейбір өзекті мәселелерді, даулар мен келіспеушіліктерді медиация мүмкіндіктерін қолдану арқылы реттеу. Осы орайда, біздер қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеу жолында жоғары нәтижеге жетуіміз керек деп ойлаймыз. Бұл ретте медиациядағы әлемдік тәжірибеге де сүйене білуіміз керек, - деп атап өтті «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина.

     Семинар барысында теориялық аспектілермен қатар медиатордың тәжірибелерінде кездесетін мысалдар қаралды.

    Семинар-тренингке қатысушылар медиация туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, осындай  іс-шараларды жиі өткізу туралы  ұсыныстарын жеткізді.

Кейін қарай