
29 Шілде, 2016
713
Партиялықтармен бірлескен семинар-тренинг
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалымен бірлесіп, этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау мақсатында «Этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар-тренинг жұмысының басты мақсаты этномәдени медиацияның теориялық негіздерін оқыту және таныстыру, оның принциптері мен қолдану салаларын одан әрі нығайту, ұлтаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау болып табылады.
Семинарға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, «Ақ желкен» жастар лигасының белсенді мүшелері, медиаторлар, сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Л.Лысова, ҚХА жанындағы медиаторлармен жұмыс бойынша менеджері В.Досыбиева және партияның облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі А.Келімбетова семинар барысында сөз сөйлеп, негізі мақсаты мен міндеті туралы ой бөлісті.
«Этномәдени медиация» тақырыбында өткен семинар-тренингті «Forpost» еркін журналистиканы қорғау ордені» қоғамдық қорының президенті Э.Пак жүргізді.
«Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблея – Мемлекет басшысы арқа сүйеген екі күшті қанат. Жолдауды іске асыру, ауқымды мәселеледі шешу, халықаралық келісімді нығайтуға ықпал ету – мұның бәрі де тап осы қоғамдық институттардың міндеттері, - деп атап өтті ҚХА, ақсақалдар кеңесінің мүшесі, өзбек этномәдени бірлестігі басшысының орынбасары Зайнуддинов Абдрахман. Сонымен қатар Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдағы рөлі туралы облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Дуниядар Абдуллаев айтып өтті.
Аталмыш іс-шара барысында семинарға қатысушылар өз ой-пікірлермен алмасып, біраз мәселелерді талқылады.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Шортанды ауданында семинар-тренинг өткізді
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Шортанды ауданында семинар-тренинг өткізді
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты