09 Шілде, 2015
1169
Павлодар студенттері мәдениаралық диалогты жақтайды
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен Лейден университетінің «Leiden Leadership Programme» («Көшбасшылық бағдарламасы») (Нидерланды) әлемдегі жоғары оқу орындарының студенттері арасында мәдениаралық диалогты нығайту мақсатындағы халықаралық жобаны бастап кетті.

Жобаны іске асыру идеясы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы (Қазақстан) мен Нидерландыдағы Лейден университетінің «Leiden Leadership Programme» бағдарламасына тиесілі.
«Көшбасшылық бағдарламасының» өкілі Марлен Флер халықаралық жобаның маңыздылығын атап өтті. «Біз өзара мәдениаралық қарым-қатынастың нығаюын қалаймыз және бірнеше мәселелер бойынша өзіміздің көзқарасымызбен бөлісіп отырмыз. Осы жолғы тұжырымымызда демократияның одан әрі жүргізілгеніне тоқталамыз», - деп атап өтті ол.
Қазақстан мен Нидерландының студенттері демократияның мәні жайында эссе жазды. Содан соң онлайн-кездесу өтіп, мұнда екі елдің жобаға қатысушы жастары жасаған ұсыныс жобалары талқыланды.
Сандер Ван Дипен «Демократияны жүргізу» атты эссесінде адамзат тарихында маңызды рөл атқарған заманауи демократияның басты элементтерін қамтыған. Демократияның тұрақты болуы үшін өркендеу басты шарт болатынын тарих әлдеқашан дәлелдеген. «Демократия рейтингісі» атты эссенің авторы Йенс Веллинг жұмысын: «Көптеген адамдардың демократия жайында түрлі пікір білдіруіне не себеп?» деген сұрақтан бастапты Оның ойынша, бұған себепкер - демократияның өзі түрлі көзқарас қалыптастыруда бастапқы нүкте болып табылатыны жайлы көптеген идеялардың болуы деп көрсетеді автор.
Павлодар мемлекеттік университетінің «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығының І курс студенті Валерий Есаулковтың ойынша, әрбір мемлекетте тұрып жатқан ұлттың мәдени ерекшеліктері мен ділі ескерілуі керек. Кімдердің соғысты бастап және кейбір елдердің дамуына тосқауыл қойып отырғандар жайлы есте сақтағанымыз жөн. Біз бүгінгі әлемнің саяси, мәдени, экономикалық және экологиялық дағдарысына не себеп болып отырғаны жайында ойлануымыз керек. «Бұл бағытта болашақта нақты ғылыми жұмыс жазылуы тиіс», - деді ол.
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті Қайыр Жақыпов біздің демократиялық мемлекетіміздің негізін Конституция құрайтынын атап өтті. Негізгі заң Қазақстан аумағында тұратын халықтардың жалпы құндылықтарын анықтайды. «Көршілермен өзара бейбіт өмір сүру – бірінші деңгейлі мәселелердің бірі болып саналады, егер де мемлекет іштей бөлінсе, бұл мәселе өз шешімін таппайтыны анық»,- деді ол.
Нидерландыдан келген қатысушылар елімізде тұрып жатқан барлық ұлыстардың мүддесінен шығып және ел азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етіп жатқан Қазақстан халқы
Ассамблеясы сынды демократиялық институтқа үлкен қызығушылық танытты.
С.Торайғыров атындағы ПМУ ҚХА кафедрасы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев «Turan-Astana University» студенттерімен кездест
-
Павлодар қаласының 6679 гвардиялық әскери бөлімінде биылғы жылғы жаңа шақыру
-
Президент кеңесшісі Павлодардағы Достық үйінде болды
-
ШҚО еріктілері игілік эстафетасын Павлодар облысының Достық үйіне жолдады
-
Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттері Достық үйінде болды
-
Павлодарда Ақсақалдар алқасының 10 жылдығы аталып өтті
27 Мамыр, 06:21
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
вчера, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
вчера, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
сегодня, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
вчера, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады