Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Тамыз, 2016

772

Петропавлда «Ақ орамал» акциясының салтанатты түрде аяқталуы

«Ақ орамал» республикалық акциясының аясында Петропавл қаласында Даңқ ескерткішіне гүл шоғырын және ақ орамал қою рәсімі өтті.  Батыр әйелдер, ғылым және мәдениет қайраткерлері, ардагер әйелдер және Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшелері құрбан болғандарды құрметпен еске алды.

Ақ орамал тартқан әйелдер бейбітшілік, келісім және соғыссыз өмір үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз деген өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Іс-шара қаланың орталық алаңында шеруге ұласты.

«Матери Казахстана за мир без войн, террора и агрессии» тақырыбындағы іс-шара Достың үйінің акт залында жалғасын тапты.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов іс-шараны Семей полигоны жабылуының 25 жылдығы тақырыбындағы сөзбен ашты. 

Көрермендер театрландырылған көріністі тамашалады, онда әртістер қантөгіс соғысты тоқтата алатын ақ орамалдың күш-қуатын көрсетті.

Кейін Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің өкілдері азаматтар алдында үндеу айтты.

Жиналыс қаланың шығармашылық ұжымдарының концерттік нөмірлерімен тәмамдалды.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай