06 Мамыр, 2021
573
Петропавлда этно-фьюжи конкурсының қорытындысы шығарылды
Петропавл қаласының Достық үйінде «Кухня без границ» этно-фьюжн конкурсына қорытынды жасалды. Конкурсқа этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының (жерлестік) төрайымы Н.Ф. Рудикова Запорожье казактарының тарихы және өмірімен байланысты дәстүрлі «Казак галушкасын» әзірледі.
«Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық мәдени орталығы қазылар алқасы мен қонақтардың назарына Татарстан мен Башқұртстанның аспаздық символы - «Чак-чак» ұсынды. Р. Рамазанованың айтуынша, мерекеге қатысушылар татар және башқұрт чак-чак арасындағы айырмашылықтар жайында білді.
«Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы «Hangug Qazaqstan» қоғамдық бірлестігімен дуэтте болып, «Пакче янкогы баранчык» тағамымен таң қалдырды. Оның ерекшелігі белорус және корей тағамдарының үйлесімінде болды.
Конкурсқа қатысушылар орыс, украин, корей, белорус және татар тілдерінде өз тағамдарын шығармашылық тұрғыдан таныстырды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығы иеленді, екінші орынға «Радзіма» белорус мәдени орталығы және «Hangug Qazaqstan» ҚБ ие болды. Үшінші орынды «Қазақстанның орыс қауымы» ҚБ және «Солтүстік Қазақстан облысының украин мәдени орталығы» ҚБ бөлісті.
Конкурс жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Конкурс тағамдардың дәмін татып, шай ішумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады