Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қазан, 2023

273

Петропавлда республикалық лекторий өтті

10 қазанда С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау» жөнінде республикалық 2 күндік лекторий өтті

Лекторийдің бірінші күнінің құрметті қонағы КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов болды. Ол қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтаудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісіп қатысушылардың ықыласына бөленді.

Солтүстік Қазақстан облысының тарихи топонимикасы туралы ҚР еңбек сіңірген өлкетанушысы, Қ.Шыңғысхан атындағы Дүниежүзілік академияның Құрметті академигі Ұлан-батыр, «Халық үміті» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекші ғылыми қызметкері Г.Ж. Табулдин баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, қатысушыларды М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, СҚО ҚХА Кеңесінің мүшесі Л. А. Гривеная «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жұмысымен таныстырды. Лекторий соңында ҚХА Кеңесінің мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы, «Дарын» сыйлығының лауреаты Т.Ғ. Жұмырбаев тыңдаушыларға «Ассамблея жастары» республикалық бірлестігінің СҚО жастарымен қызметі мен өзара іс-қимылы туралы баяндады.

Лекторий барсында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Б.К.Базарбаев сөз тізгінін ұстап, келген қонақтарды лекторий қатысушыларымен таныстырды. Олардың ішінде «Түрік мәдениеті» ҚБ белсендісі Д.Г. Хасанова, СҚО ҚХА Журналистер клубының төрайымы В.Ю. Корнева, Ақсақалдар кеңесінің өкілі, «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» ҚБ белсендісі З.М. Бикметова, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Т.И.Вербицкая, «Қазақстанның орыс қауымы» РҚБ СҚФ ақсақалы В.М. Тимошин және т.б болды.

Іс-шараның жалғасы, яғни екінші бөлімі М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасында жалғасты. Қонақтарымыз университет студенттеріне мазмұнды дәріс оқып сұрақтарына жауап берді.

Лекторийдің екінші күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының этномәдени орталықтарына барудан бастау алды. Іс-шараға қатысушылар аудандық мектеп мұражайының экспонаттарымен және этномәдени бірлестіктер белсенділері дайындаған қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстырылды. Іс-шара соңында «AMANAT» партиясының өкілдерімен кездесу өткізілді, онда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін нығайту мәселелері бірлесіп талқыланды.



Кейін қарай