Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Маусым, 2021

305

Петропавлда өткен кездесуде Қазақстандағы казактардың бүгінгі тыныс-тіршілігі сөз болды

Петропавл қаласында «Қазақстан казактарының мәдени жаңғыруы және оның тәуелсіздік кезеңіндегі әлеуметтік маңызды трендтері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» КММ, «Қоғамдық келісім» КММ және туған өлке тарихына қызығушылық танытқан басқа да тұлғалар қатысты.

«Горькая линия казактар одағы» ҚБ төрағасының орынбасары В.Б. Ржавцев казактардың қоныстану тарихы туралы айтып берсе, «Сібір казактарының бауырластығы» ҚБ мүшесі А.Н.Меняев вебинар қатысушыларымен казактардың дәстүрлі казак анықтамасы мен қазіргі атрибутикасы туралы ақпаратпен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі К.Н. Филонов кездесуге қатысушыларды казактардың өмірі солтүстік қазақстандық жазушылар Иван Шухов пен Михаил Авериннің әдеби шығармаларында көрініс тапқандығы туралы айтты.

Сондай-ақ, кездесуде казак ұйымдарының бүгінгі қызметі туралы сөз болды.


Кейін қарай