
29 Мамыр, 2023
134
Петропавлда «Үйде сөйле» аула клубы ашылды
«Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен этномәдени бірлестіктердің белсенділері Солтүстік Қазақстан облысында қазақ тілінің алғашқы аулалық ауызекі тілде сөйлеу клубын ашты.
Клуб облыс орталығындағы «Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында өз жұмысын бастады.
Бұл бастаманы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары мемлекеттік тілді үйренуге арналған сөйлесу алаңдарын дамыту мақсатында қолға алды. «Үйде сөйле» жобасы көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін қазақ тілін оқыту мен тәжірибенің қолжетімді түрлерін жасауға мүмкіндік береді.
Клубтың ашылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев қатысты.
Оның айтуынша, жоба тату көршілестік мәдениетін дамытуға да ықпал етеді. Өйткені оқытушылар, еріктілер және белсенділермен қатар көршілердің өздері де білгенімен бөліседі.
Аула клубтарын құру бастамасы тұрғындар мен көпқабатты үйлерге қызмет көрсететін басқарушы компаниялардың қолдауына ие болып отыр.
Айта кетейік, «Үйде сөйле» клубтары Астана және Алматы қалаларында іске қосылған.
Алдағы уақытта мұндай алаңдар басқа өңірлерде де ашылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Үйде сөйле» жобасы – Атырауда
-
ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
-
«Үйде сөйле» жобасының ашылуы
-
Қалалық ҚХА Журналистер клубының қорытынды отырысы өтті
-
Республика күні аясында «Достық» шахмат клубы ардагерлер арасында турнир өткізді
-
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті
27 Қыркүйек, 21:04
ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
28 Қыркүйек, 23:03
ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.ӘЗІЛХАНОВТЫҢ ЕҰУ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН ДӘСТҮРЛІ КЕЗДЕСУІ
29 Қыркүйек, 17:35
Орал қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
26 Қыркүйек, 11:26
Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтті
29 Қыркүйек, 21:18
«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РММ ӨҢІРЛІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Үйде сөйле» жобасы – Атырауда
-
ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
-
«Үйде сөйле» жобасының ашылуы
-
Қалалық ҚХА Журналистер клубының қорытынды отырысы өтті
-
Республика күні аясында «Достық» шахмат клубы ардагерлер арасында турнир өткізді
-
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті