Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Сәуір, 2021

1022

Петропавлда жас шеберлер арасында байқау ұйымдастырылды

1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Осыған орай Петропавл қаласының Достық үйінде «Үздік құстар үйі» конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурсқа 24 жұмыс ұсынылды. Оған Петропавлдан, облыс аудандарынан 5-тен 13 жас аралығындағы 23 оқушы қатысты.


Қазылар алқасы тек сырттай әдемі емес, барлық ережелерге сәйкес келетін (қақпақтың ашылуы, тақталардың қалыңдығы мен сапасы, құстар үйінің барлық параметрлерінің сақталуы) жұмыстарды іріктеді.


Осылайша I орын - Белик Карина (9 жас), II орын - Баязитов Джалиль (5 жас) және III орын Хотько Виталийге (13 жас) бұйырды.


Үздік жұмыстар қалалық саябаққа орнатылатын болады.


Кейін қарай