Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қазан, 2016

1100

Пробация туралы салиқалы әңгіме

Заңгерлер, үкіметтік емес ұйымдар, Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ және мемлекеттік органдар өкілдері Достық үйіне «Пробация туралы» заңды барынша тиімді жасау үшін заңға ұсынылған өзгерістерді талқылауға  жиналды.

Қазақстанда пробация қызметі өткен жылы құрылды. Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мамандарының айтуынша осы аралықта ол өз жұмысын жолға қоя білді. Мәселен, біздің өңірімізде қылмыстардың қайталануы азайды.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне жетекшілік ету жөніндегі бөлімше басшысы Теміржан Елжасов былай деді:

- Пробация қызметі шартты түрде сотталған, бостандығы шектеулі, сондай-ақ, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдемдеседі. 2015 жылы әлеуметтік-құқықтық  көмек алуға 962 адамға көмек көрсетілді. 1163 жеке бағдарлама жасалды.

Шетелдердің тәжірибесі бойынша Қазақстанда пробацияның 4 моделін жасау жоспарлануда. Қазір олардың екеуі бар: шартты-үкімді және  постпенитенциарлық (жазасын өтеп шыққан тұлғалардың қоғамға кірігуіне жағдай жасау).

Тікелей жаңа заңнама жобасы шеңберінде жұмыс істейтіндер оның тұжырымдамасымен әлдеқашан танысқан. Сұрақтар көп. Ұсыныстар да баршылық.

Павел Афанасьев, қалалық мәслихат депутаты:

- Заңда әкімдіктердің барлық құзырлығы көзделуі, олардың қаржылық мүмкіндіктері қарастырылуы және осындай тұлғалар үшін жұмыс орындарын квоталауға әлеуетті жұмыс берушілерді қызықтыру қажет. Қандай да бір тәсілмен оларды ынталандыру керек.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың ауызбіршілігі мынада, біріншіден сотталғандар мен жазасын өтеп шыққандар үшін жұмыс орындары жасалуы тиіс. Егер адам алдағы күніне сенімді болса ешбір қылмысқа бармайды деп түсіндіріледі. Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова  сотталғандармен жұмыс істеуге барлық мемлекеттік органдар мүдделі болуы тиіс деп атап көрсетті:

- Бұлар біз жұмысқа орналасу үшін мәліметтер беретін әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау органдары, жазасын өтеп шыққандар оқитын жерінде білім алады және емделеді. Адам өздігінен қоғамсыз тіршілік етуі мүмкін емес.

Дөңгелек үстел басында айтылған барлық ұсыныстар әзірлеушілерге жіберіледі.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай