09 Қаңтар, 2017
913
ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының ресми іссапары
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов Сыр еліне іссапармен келді.
Сапар барысында ол өңірдегі бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, аудандар, елді мекендер активімен, медицина саласының қызметкерлерімен кездесті. Аудан ауруханаларында болып, аудандық балықшылар мұражайымен, көлік-техникалық колледжі және облыстық ассамблея құрылымдарының жұмысымен танысты.
6 қаңтарда депутат Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушыларымен және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушы ғалымдарымен кездесті.
Университет ректоры Қ.Бисенов жүргізген жиында С.Әбдірахманұлы Елбасының халыққа Жолдауына баса назар аударып, Парламенттегі бірқатар заңнамалық өзгерістерге, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының, көрегенділігінің арқасында еліміз айтарлықтай жетістіктерге жетіп, дамыған елдердің қатарына қосылдық. Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді бірегей институтты қалыптастырып, елдің ішін дауға, сыртын жауға алдырмаудың ауыр сынынан өтіп, ел мүддесін басты мұрат еттік», - деді депутат өз сөзінде.
Кездесу барысында жиынға қатысушылар айтылған ұсыныс-пікірлерге, қойылған сұрақтарға Мәжіліс депутаты тарапынан тұшымды жауап берілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді