Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қараша, 2015

1955

Ризашылық күні

2015 жылғы 26 қарашада Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыхалықтық акциясы шеңберінде «SOS Астана балалар ауылында» «Мейірімділік пен игілік балаларға арналады» деген тақырыппен «Ризашылық» қайырымдылық акциясы өткізілді. Бұл игі іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге «Оберег» украин қауымдастығы» қолдауымен балалар ауылының жетекшілері бастамашы болды. 

Балалар қуанышымен ортақтасуға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері келді. Сондай-ақ балалар үйінің тәрбиеленушілері және балаларды өз қамқорлығына алған ата-аналар қатысты. Осындай мазмұнды акцияны балалар ауылында өткізу арқылы азаматтық тұлғаны қалыптастыруға негіз қаланды. Балаларды Қазақстанның қазіргі жетістігін жалғастыруға үндеп, оларды өз Отанын сүюге, тарихымыз бен мәдениетімізге құрметпен қарауға шақырдық.

Жарасымды іс-шара барысында балалар ауылының 60 тәрбиленушісіне сыйлықтар табыс етілді. Сонымен бірге, елордадағы этномәдени бірлестіктер шығармашылық ұжымдары арнайы концерт ұйымдастырып, балалар көңілін шалқытты. Балаларды ортақ мерекесімен құттықтауға ұлттық «Қазақстан аруы» байқауына қатысушылар келіп, балаларға сыйлықтар мен үлкен тәтті тортты тарту етті.

Әрбір үйге жылу сыйлай білген осынау жарасымды кеш өте тартымды өтті. Біз бұл игі іс-шара барысында балалардың бір-біріне деген изгі ниетін, қамқорлығын, сыйластығын аңғардық. Бұған үлкендердің балаларға сыйлаған жылы шуағы негіз болатын.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Кейін қарай