20 Қыркүйек, 2015
663
«Рош-А-Шан» мейрамы тойланды
2015 жылғы 20 қыркүйек күні Орал қаласының жастар шығармашылығы орталығында «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рош-А-Шан» еврей халқының жаңа жылы тойланды.
2015 жылғы 20 қыркүйек күні Орал қаласының жастар шығармашылығы орталығында «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Рош-А-Шан» еврей халқының жаңа жылы тойланды.
Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты:
- облыс және қала тұрғындарын еврей халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру;
- еврей этносының күнделікті және шығармашылық өмірімен жастарды таныстыру.
Татар халқын және де мерекеге келген жұртшылықты құттықтауға БҚО әкімінің орынбасары Б.М. Макен, БҚО Ресей федерациясының вице-консулы Э.П.Пономорев, Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Г.Х. Қапақов, қала әкімінің кеңесшісі В.Ю. Юртаева және «Қоғамдық келісім» КММ директоры А.Қ.Ажғалиев келді.
Мерекеге этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, әскери қызметкерлер, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналған қауым алдына сөз сөйлеген еврей этномәдени бірлестігінің төрайымы О.В. Дергачева, еврей халқының мәдениетінің ерекшелігі туралы айтып, «Рош-а-Шан» мейрамына толықтай сипаттама берді.
«Рош-а-Шан» еврей халқының жаңа жыл мейрамын тойлау барысында, Татарстан Республикасының еңбегі сіңірген әртістері қатысып, әр түрлі тілде ән шырқалып, өлең оқылып, хореографилық номерлер орындалды.
Мерекелік шараға келген қала тұрғындары мен қала қонақтары концерттік бағдарлама аяқталғаннан соң, еврей халқының ұлттық тағамдарының дәмін тату мүмкіндігіне де ие болды.
Сондай-ақ, декоративті қолөнер бұйымдарының, қолданбалы өнер, фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды кездесулер
-
Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығы тойланды
-
Қостанай облыстық ҚХА-сы «Яблочный спас» мейрамын атап өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті