Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қазан, 2016

781

«Рош-А-Шана» мейрамы

«Алия» еврей этномәдени бірлестігі 2000 жылдың наурыз айында құрылып, он алты жыл бойы Қазақстан халқы Атырау облыстық ассамблеясы өткізетін іс-шараларға белсенді қатысып, тілін, тарихын, әдебиетін сақтау саясатын жүргізуде. Бүгінде Атырау облысында 300-ге жуық еврейлер тұрып жатыр. Олар өздерінің дәстүрлері мен ғұрыптарын құрметтейді, этностың тілін, мәдениетін, тарихын сақтауға бағытталған, сондай-ақ қоғамның негізгі құндылықтары: бейбітшілік, келісім және өзара түсіністікті насихаттайтын іс-шаралар өткізуде. 

Облыс және қала тұрғындарын еврей халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру және еврей этносының күнделікті және шығармашылық өмірімен жастарды таныстыру мақсатында 2016 жылғы 2 қазан күні Достық үйінде «Алия» еврей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен еврей халқының «Рош-А-Шана» жаңа жыл мерекесі атап өтілді.

Мерекелік іс-шараға  Атырау облысының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері,  мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары  қатысты.

Жиналған қонақтар алдында сөз сөйлеген еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Павел Петрович Ткач еврей халқының мәдениетінің ерекшелігі туралы айтып, «Рош-а-Шана» мейрамына толықтай сипаттама берді. Іс-шараның ұйымдастырушылары еврей халқының бай мәдениеті мен тарихына қызығушылық танытқаны үшін қала тұрғындарына алғыстарын білдірді және Елбасының елімізде тұрып жатқан түрлі этностардың тілдері мен дәстүрлерін сақтау үшін барлық жағдай жасап отырғанын атап көрсетті.   

Жиналған қонақтардың алдында Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Тамара Өтегенқызы Аман-Турлина және этномәдени бірлестіктерінің мүшелері  өз лебізін білдірді.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, еврей этномәдени бірлестіктің балалар шығармашылық ұжымы  қонақтар алдына өз өнерлерін салып, еврей халқының дәстүрлерін театрландырылған қойылымдар  арқылы  көрсетті.

Мереке барысында жылулық, жарық пен тыныштықтың белгісі ретінде күн батқанға шейін шам жағылды. Еврей халқының нанымы бойынша шам жағу отбасының отын сақтап отырушысы әйел-анаға беріледі. Шам жағылған кезден бастап үйге мереке кіреді деп саналады.

Атырау облысы әкімі аппарытының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай