Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2017

1142

Руль ұстаған әйел

Халықаралық әйелдер күніне орай қалалық әкімшілік пен «Тараз за рулем» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасы «Руль ұстаған әйел» акциясын өткізді. Жол патрульдік әдістерімен рөлдегі жүргізуші әйелдерді тоқтатып, хаттамалар толтырудың орнына оларды мерекелерімен құттықтап, гүл, құттықтау хаттарын және кәмпиттер сыйлады.

«Біз сіздерді жақсы көреміз, әрі құрмет тұтамыз, қымбатты арулар! – деп атап өтті жол – патрульдік полиция батальонының жергілікті полиция қызметінің аға сержанты Алмаз Қасымов. – Көлік жүргізу барысында абай болып, Жолда жүру ережелерін сақтаңыздар!».

Шуақты күнде полицейлер тоқтатқан әрбір әйел затының алған әсері ерекше, көңілдері қуанышқа толы болды.

Кейін қарай