
08 Қыркүйек, 2017
1493
Руслан Аушев туған өлкесінде
Ресейлік саяси және қоғам қайраткері, Ингушетия Республикасының тұңғыш президенті, 1991 жылдан — ТМД Үкімет басшылары кеңесі жанындағы Жауынгер-интернационалистер істері жөніндегі комитетінің төрағасы, Кеңес Одағының Батыры.
Оның ата-анасы 1994 жылы Қазақстанға жер аударылды. Руслан Султанович Қазақ КСР Көкшетау облысының Володаровское ауылында дүниеге келді. Ол көп жылдар өткен соң бүгін қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Саумалкөл ауылына ат басын тіреді. Балалық шағы осы жерде өтті, № 1 орта мектепті аяқтады, осы күнге дейін онда оның фотолары мен батырдың туған жері туралы кітаптары сақталған.
1975 жылы Аушев Кеңес одағының маршалы Еременко атындағы Орджоникидзевское жалпы әскери командалық училищесін аяқтады. 1975-1976 жылдары мотоатқыштар взводын, 1976-1979 жылдары мотоатқыштар ротасын басқарды. 1979-1980 жылдары мотоатқыштар батальоны штабының бастығы, 1981-1982 жылдары Ауғанстандағы кеңес әскерлері шектеулі контингентінің құрамындағы мотоатқыштар батальонының командирі болды.
Майдандастарының айтуынша, Аушев алдымен медсанбатта қызмет етіп, алдыңғы батальонда болу үшін қызметінің төмендеуімен (майордан капитанға) мотоатқыштар әскерлерінен кеткен. Аушев басқарған батальон Кабулда ең үздік саналды. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда сарбаздарға ең қатал талаптар қойды – есесіне басқаларға қарағанда батальондағы шығын аз болды.
Ауғанстан аумағында қызметін атқару барысында көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін КСРО Жоғары кеңесі төралқасының 1982 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Ленин орденін және «Золотая Звезда» медалін табыстаумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1985 жылы Аушев Фрунзе атындағы Әскери академияны аяқтады және Ауғанстанда әрекет еткен полк штабының бастығы болып тағайындалды. 1987 жылы Ресейге оралып, 1991 жылы КСРО халық депутаты болды, осыдан оның саяси қызметі басталды.
Ұлты ингуш, оның халыққа жаны ашитын. Ингуштарды ежелден тұрған Солтүстік Осетиядан қуғындап жатқанын естіп, Мәскеуден Назраньға көшті. Халықтың көшбасшысына айналып, Ресейде және осетиндармен болған жағдай үшін кек алу талпынысынан оларды сақтап қалды.
1993 жылғы 15 қаңтарда Ингушетия астанасында құрылған бастамашыл топ оның кандидатурасын Ингуш Республикасының Президенті қызметіне көтермелеуді шешті. 1993 жылғы 28 ақпанда өткен сайлауда Аушевке 95 пайызға жуық сайлаушылар дауыс берді. 1993 жылғы наурызда генерал ресми түрде Ингушетия Республикасының тұңғыш Президенті атанды.
Осы күнге дейін еңбек жолындағы адалдығы мен абыройы үшін оған алғыс білдіруде, ол өз халқына сенімді болатынына ант берді, ал халық оған сеніп қоя берді. Сегіз жыл ішінде Руслан Аушев Республикадағы экономикалық жағдайды жақсартты, салықтарды төмендетіп, ішкі саяси жағдайды жөнге келтірді.
Отаны Қазақстанға келіп, біршамасы оның Бесландағы ерлігін сөз етіп, еске алды. 2004 жылғы 2 қыркүйекте Аушев Беслан қ. жаулап алынған № 1 мектептегі терроршылармен келіссөздерге қатысты. Боевиктер жалғыз Ингушетияның бұрынғы президентіне ғана тікелей мектепке келуге рұқсат берген. Өз өмірін тәуекелге салған Руслан Аушев банда басшысы Руслан Хучбаровпен ауыр келіссөз жүргізді, оның нәтижесінде ол емшекте балалары бар он бір әйелді босатуға көндірді. Тағы бір емшектегі баланы өзімен бірге алды, оның анасы үлкен баласымен спорт залында қалып, келесі күні қаза болды.
Руслан Султановичпен кездесу үшін Астана, Көкшетау және Петропавлдан шешендер мен ингуштар келді. Әрқайсысы оны ар-намысты адам деп есептеп, оның жерлесі болғанын мақтан тұтады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов құрметті қонақты туған Айыртау ауданында қарсы алды. Ол кеткеннен мұнда көп нәрсе өзгерген. 2005 жылы дөң үстінде қазақ даласының екі атақты батыры Қарасай мен Ағынтай кесенесі ашылды.
Кейін Руслан Аушев өз үйіне және мектебіне барды. Мектеп оқушылары оның ерліктерін құрметтейді, өлең шығарады және өмірбаяны туралы кітаптар оқиды. Оқушылардың сөзінше, батырды мектеп қабырғасында көру – зор құрмет.
Ұлы Отан соғысында құрбан болғандарды және өз жеріндегі бейбітшілік үшін қан төккен жауынгер интернационалистерді құрметпен еске алды. Гүл шоқтарын қоюға мұғалімдер, әскери қызметшілер және Руслан Аушевтің Ауғанстанда қызмет еткен майдандастары жиналды. Әрқайсысы, қай ротадан екені және кім командир болғанының бәрі есінде. Барлығы үшін бұл ерекше кезең болды.
Саумалкөл ауылының Мәдениет үйінде құрметті қонақпен және облыс әкімшілігімен отырыс өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров Руслан Султановичке құрмет көрсетіп, іс-шараны ашты. Туған жерге деген ерекше қатынас – бұл патриотизмнің маңызды бөлігі, бүгінде Қазақстанда қоғамдық сананы жаңғырту жүріп жатыр, біз бұл маңызды бағдарламаны қолдаймыз, осы мақсаттың басты тармақтарының бірі – отанымыздың тұлғаларын, батырларын мадақтау және құрметтеу.
Руслан Аушев Қазақстанның тумасы, ол қазақ даласында өскен, ұлты ингуш болған ол өз халқының және кеңес одағы халқының бейбітшілігі үшін аянбай шайқасты. Туған өлкесінде оны зор құрметпен және ізетпен қарсы алды, Айыртау ауданының басшысы құрметті азамат медалін табыстады. Руслан Султанович өз кезегінде туған мектебіне жаңа автобустың кілтін сыйлады.
Төрағасы Саип Байдуевпен бірге «Вайнах» шешен-ингуш орталығының мүшелері жеңе әңгіме барысында жерлестеріне сый-құрмет білдірді. Руслан Аушев қандас ағайындыларын көргеніне қуанышты болды, ол әрдайым халық үшін ашық.
Іс-шара соңында қонақтар Астана қаласынан келген балалар ансамблінің орындауындағы жарқын шешен билерін және басқа да шығармашылық нөмірлерді тамашалады. Бұл тарих адамымен ашық да жылы кездесу болды. Руслан Аушевпен әңгімелескен кезде мақтаныш пен шынайы қуаныш сезімі бойды баурады, ол қарапайым саяси және қоғам қайраткері емес, ол құрмет пен ерлік адамы және нағыз патриот.
Дата события ассамблеи: 08.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады
-
ҚХА Аналар кеңесі жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады
-
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күні «Рақмет саған, Туған ел!» тақырыптық ұранымен өтті
-
Тағдыр тоғыстырған туған Отанымыз!
-
Жамбыл облысында Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған іс-шара өтті
-
Астанада жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйға тартылды
24 Қаңтар, 18:58
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
24 Қаңтар, 21:44
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
29 Қаңтар, 19:07
«Туысқандар» жобасы аясында «Өскелең ұрпаққа – өнегелі тәрбие» іс-шарасы өтті
вчера, 16:02
ҚЫЗЫЛОРДАДА КОРЕЙЛЕР СОЛЬНАЛЬ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағандыда жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйлады
-
ҚХА Аналар кеңесі жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады
-
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күні «Рақмет саған, Туған ел!» тақырыптық ұранымен өтті
-
Тағдыр тоғыстырған туған Отанымыз!
-
Жамбыл облысында Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына арналған іс-шара өтті
-
Астанада жаңа туған нәрестелерге домбыра сыйға тартылды