Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қазан, 2021

258

С.Абдрахманов: Адамның бала шағы қандай болса, қоғамның болашағы да сондай болады

Бүгінгі Кеңес отырысында маңызды мәселелер көтерілді.

Қаралып отырған мәселенің көкейкестілігіне дәлел ретінде мына фактілерді айтумен шектелсек те жетеді.

Как уже здесь было сказано, социальные сети часто разжигают вражду, порождают бескультурье.

Только в этом году выявлено 140 тысяч фактов кибербуллинга в интернет-среде, это в 2 раза больше чем в прошлом году. А ведь год еще не закончился!

12% школьников регулярно сталкиваются с травлей. Каждый девятый школьник в стране! Балалардың мектепке барудан қорқуы жиі кездесетін болып барады.

Единый реестр учета интернет-ресурсов, размещающих информацию, ограниченную законами, включает более 45 тысяч ссылок.

Как вы знаете, соответствующий законопроект разработан депутатами Мажилиса Парламента и он уже прошел первое чтение. Поэтому Совет матерей, Совет Ассамблеи оказали важную для народа общественную поддержку этой депутатской инициативе.

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Парламент Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттары өзекті әлеуметтік мәселелердің бел ортасында жүргенін және халықпен тығыз байланыста екенін атап айтқым келді.

Мы недавно вернулись из Жамбылской области. В г. Тараз в течение двух дней проходило большое мероприятие. Эксперты из России, Украины, Израиля, Болгарии, Узбекистана, участвовавшие в Международной научно-практической конференции «Межэтническое согласие на современном этапе: опыт и задачи на будущее», в один голос говорили о том, что в Казахстане создана уникальная модель межэтнического согласия.

Мы возвратились с твердым убеждением, что сделаны глубокие выводы из произошедших событий, урегулирована ситуация, есть нерушимость традиционной дружбы и стабильность внутренней политики государства.

Еліміздің елдіктің тағы бір сынағынан сүрінбей өткеніне тәубе дейміз.

Тыныштық, татулық, келісім сақталуда және сақтала да береді.

Бұл үшін жүйелі жұмыс жүргізуге тиіспіз.

Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының құрамында 30 депутат бар. Ассамблеядан – 9 адам, «Нұр Отаннан» – 14 адам, «Ақ жолдан» – 3 адам, Қазақстан халық партиясынан – 4 адам.

Депутаттық топтың мүшелері белсенді жұмыс істеуде. Осы аз уақыттың аясында 1 заң жобасына бастамашылық жасалды, депутаттар 46 заң жобасын қарау бойынша жұмыс топтарына қатысты, олар енгізген 32 түзету қабылданды.

Ассамблеядан сайланған депутаттар 18 сауал жолдады. Олардың бәрінде де салмақты мәселелер көтерілген.

Ассамблея Төрағасын, Кеңес мүшелерін Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мәжіліс депутаттары Ассамблеяның алдындағы міндеттерді, қазіргі өзекті мәселелерді терең ұғынады, еліміздегі этносаралық келісімді нығайта түсу жөніндегі жұмысты заңнамалық қамтамасыз етуді жемісті жалғастырады деп сендіргім келеді.

Балаларды кибербуллингтен қорғау, әлеуметтік желілердегі арандату тілі туралы бүкіл қоғамды алаңдатып отырған проблеманы осындай алқалы жиында талқылауға шығарғаныңыз үшін Сізге разылығымызды білдіреміз, аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бала – бақыт. Бала – болашақ.

Адамның бала шағы қандай болса, қоғамның болашағы да сондай болады.

Сауытбек Абдрахманов,

депутат, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі

Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі


Кейін қарай