Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Желтоқсан, 2020

10317

СҚО-да ашық хаттар конкурсы өз мәресіне жетті

Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйінде Қазақстан халқы Aссамблеясының 25 жылдығына арналған «Сізге тілейміз...!» ашық хаттар конкурсына қорытынды жасалды. Байқауға 200-ден астам жұмыс ұсынылды. Қатысушылар көркемдік шеберліктерін толық көрсетіп, өз таланттарын аша түсті, қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңайға соқпады.

5-8 жас санатында 1-орын Кравцов Радимир, 2-орын Запорожец Яна, 3-орын Комкова Анастасияға бұйырды. Ал 9-12 жас санатында 1-орын Ковальчук Дарья, 2-орын Альжанова Аида, 3-орын Қерейқызы Нұрайдың еншісінде.


13-15 жас санатында 1-орын - Мухаметгалеева Жанель, 2-орын – Шипелева Ксения, 3-орын – Семко Кристинаға тиесілі. 16-29 жас санаты бойынша 1-орын – Кущугулова Лаура, 2-орын Манторова Анастасия, 3-орын Жултаева Дианаға бұйырды.


Көрермендер көз айымы сыйлығына Мұхамбетов Айдар мен Мұхамбетов Арлан ие болды. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Ұлттық бірліктің беріктігі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен барлық этномәдени бірлестіктер жұмысының тиімділігін арттырумен тікелей байланысты, мұндай конкурстар Ассамблея жұмысының мемлекетіміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы оң қызметін ашуға бағытталған.


Кейін қарай