Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Сәуір, 2021

274

СҚО әкімі этномәдени бірлестіктерді облыстың өзекті мәселелерін шешуге үлес қосуға шақырды

Ассамблеяның ХХІХ сессиясы тарихи оқиғаға айналды. Сессияға қатысушылар Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының өкілеттігін Қазақстан Республикасының қазіргі Президентіне тапсыруына куә болды.

Сессия жұмысына СҚО ҚХА төрағасы, облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов бастаған делегация қатысты. Оның құрамына облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, құрылымдық бөлімшелердің, М. Қозыбаев ат. СҚУ «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының және мемлекеттік органдардың өкілдері болды.

Сессия соңында облыс әкімі Қ.Ақсақалов қатысушыларға Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы, шетелдік инвесторларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, этномәдени бірлестіктерді облыстың өзекті мәселелерін шешуге үлес қосуға шақырды.

Өңір басшысы қатысушыларды келе жатқан мамыр мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, амандық пен тұрақтылық тіледі.

Кейін қарай