31 Шілде, 2015
920
Сайт – мемлекеттік мекеменің бет-бейнесі
31 шілде күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ғимаратында «Ақпараттық-коммуникациялық технология және мемлекеттік тіл» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
31 шілде күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ғимаратында «Ақпараттық-коммуникациялық технология және мемлекеттік тіл» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
«Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті бірлесе ұйымдастырған іс-шараға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілді дамытуға жауапты қызметкерлері, мемлекеттік тілді дамыту институттары мен мекемелері, қорлары, тіл жанашырлары, ақпараттық технология мамандары, журналистер мен блогерлер қатысты. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ атынан мекеменің сарапшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі К.Ә.Әлпейісова қатысты.
Дөңгелек үстелде қазақ тілін дамытуға үлес қосып жатқан әртүрлі жобаларға талдау жасалды. Сонымен бірге Қазақстанның интернет кеңістігінде жұмыс істейтін сайттардың санына, сапасына, контентіне жүргізілген мониторинг нәтижесі жария етілді. Отандық ақпараттық кеңістікті, соның ішінде қазақ тілді ортаны одан әрі дамыту үшін осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру жолдары талқыланды.
Өз сөзінде «Қоғамдық келісім» РММ сарапшысы К.Ә.Әлпейісова Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінде мемлекеттік тілді дамыту ісіне басым назар аударылатынын, мысалы, осы жылы 25-31 шілде күндері «Мың бала» жобасының аясында «Қоғамдық келісім» Алматы менеджмент университетінің «Ұлытау» жобасымен бірлесіп, «Тілдерді үйретудің инновациялық тәсілдері» атты тілдерді жеделдете оқытудың заманауи технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша республикалық семинар-тренинг ұйымдастырғанын баяндады. Жиында айтылған мемлекеттік органдардың сайттарында қазақша контент заң талабына сәйкес келмейтіндігі, оларды толтырудағы кемшіліктер, грамматикалық қателердің көптігі туралы пікірге орай Қазақстан халқы Ассамблеясының сайты бұл талаптарды толығымен орындап отырғанын атап көрсетті.
Жиын барысында TIL-AUDIT.KZ сайтының таныстырылымы болды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың сайттарында қазақша контенттің заң талабына сәйкес келмеуін, сайттарды толтыруда кемшіліктерді, грамматикалық қателерді болдырмау мақсатында мемлекеттік органдарға ұсынымдар жасалды.
«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ҚХА-ның жалпы қазақстандық ашық диктанты
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды