16 Наурыз, 2020
3076
ШҚО: Қолөнер бұйымдарының бірегей көрмесі
«Белая сова» қолөнер шеберлері көп жылдар бойы өскемендіктерді «Хэнд-мэйд» бұйымдары арқылы қуантып келеді.
Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында шығармашылық бірлестігінің кезекті көрмесі өтті. Көрермендер назарына қолөнер бұйымдарының түр-түрі: әшекейлер, қолдан жасалған сабындар, ойыншықтар, сәндік-қолданбалы бұйымдар ұсынылды. Шеберлер әрдайым қарапайым заттардан ерекше бүйымдар жасаумен қатар шеберлік сағаттар, қызықты сайыстар мен әдемі фото аймақтармен ерекшеленеді.
«Біздің шығармашылық ұжым келушілерге креативті бүйымдар жасауды үйретіп, шеберлік сағатын ұйымдастырады. Біз осындай тамаша көрмені өткізуге мүмкіндік беріп отырған Достық үйіне алғыс білдіреміз», - дейді бірлестік төрайымы Диана Мирошникова.
Жиналғандар шуақты көктемнің атмосферасына бөленіп, уақытты өте көңілді өткізді. Себебі, көрме көктем мерекелеріне арналды. Әсіресе, әйелдер қауымы сән мен сұлулыққа арналған бұйымдар мен фотоаймаққа тәнті болып, сұлулық әлеміне бойлап, өздерін сән бикешіндей сезінді.
Көрмеге қатысушылар сайыс пен шеберлік сағатына қатысып, ең белсенділер естелік сыйлықтарға ие болды. Ал әуезді ән мен мың бұралған бишілердің өнері көктемгі көңіл-күй сыйлады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
ШҚО-да ҚХА Журналистер клубының ІІІ көшпелі отырысы өтті
-
ШҚО-да «Достық үйі - бейбітшілік және келісім орталығы» атты дөңгелек үстел өткізілді
-
ШҚО-да «Этномедиацияның базалық негіздері» атты семинар өтті