
07 Желтоқсан, 2017
889
«Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Орал қаласында журналистика саласындағы «Шаңырак» республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұдан бұрын конкурс жеңімпаздары анықталғанымен, оларды марапаттау кейінге қалдырылған болатын. Байқауға барлығы 64 жұмыс ұсынылды: 15-сі облыстық, қалалық, аудандық, газеттерде жұмыс істейтін журналистерден болса, 5-еуі телевидение саласының журналистерінен. Қазылар алқасы жұмыстарды қарап шығып, әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады. Облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-тан – Мұнайдар Балмолда, Гүлжамал Кенжеғалиева, Жанна Балықова, Роза Сатқанова, Гаухар Құрманғазиева, Бауыржан Шимерденұлы, Гүлжамал Кенжеғалиева, Гүлсезім Бияшева, Айгүл Логашкина, Оксана Игілікова, Оксана Каткова әртүрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.
Байқауға қатысқан журналисттер жыл бойы өңірдегі этносаралық қатынас туралы тақырыбында жазып, жергілікті жерлердегі қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы, мемлекеттік тілдің жағдайы мен болашағы, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы аясында есімдері тарихқа мәңгілік жазылған тұлғалар туралы басылымдарға жазып, телевидение арқылы көпшілікке жеткізуге тырысты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы «Приуралье» және «Орал өңірі» газеттерінің журналистері жазып, «Ақжайық» телеарнасының журналистері бағдарлама құрды.
Марапаттау салтанатында БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Журналистер клубының төрағасы, «Ақжайық» телеарнасының басшысы Асланбек Губашев, байқаудың қазылар алқасының төрағасы, «Шаңырақ» және «Информбиржа news» газеттерінің редакторы, БҚО ҚХА мүшесі Сергей Кульпин сөз сөйледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дата события ассамблеи: 07.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
СҚО-да еріктілер марапатталды
-
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.
-
Оралда "Шаңырақ" және "Үздік медиатор"шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
СҚО-да еріктілер марапатталды
-
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.
-
Оралда "Шаңырақ" және "Үздік медиатор"шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті