
18 Қазан, 2016
1056
«ШАҢЫРАҚ» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
2016 жылғы 17 қазан күні ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-де журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындысын шығару бойынша жюридің кеңейтілген отырысы өтті.
Қазылар алқасының құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов, «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы Татяна Костина, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының орынбасары Қайнар Олжай, «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің журналисі Анар Төлеуханова, Қазақстан халқы Асаммблеясы Журналистер клубының құрметті төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ этникалық және діни толеранттылық кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов және ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы Алексей Могунов кірді.
Конкурстың мақсаты мен міндеттері – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады. Сонымен қатар, этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық диалог саласындағы мемлекеттік саясат жетістіктерін, мәдениетті насихаттау, қазақ халқы мен этностарының дәстүрін жазып-көрсету.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылған конкурсқа теле-радио және баспа БАҚ журналистерінің 200-ге жуық жұмысы ұсынылды.
Конкурс үш номинация бойынша қорытындыланды:
- ақпараттық жаңалықтар мен телевизиялық бағдарламалардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік бейне сюжеттері;
- баспа және электрондық басылымдардағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік мақалалар;
- ақпараттық агенттіктердің және желілік басылымдардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған үздік радиобағдарламалары мен материалдары.
Биылғы жылғы конкурстың ерекшелігі – мемлекеттік тілді насихаттау және кеңінен танытып-тарату саласында және қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті жазып-көрсетуге ерекше үлес қосқаны үшін арнайы сыйлықтардың белгіленуі.
Сонымен қатар, конкурс ережесіне сәйкес, жюри мүшелері тағы арнайы сыйлықтар тағайындады. Ол этносаралық қатынастар саласын жариялауды үздік ұйымдастырған баспасөз қызметінің жұмысы үшін және сайтқа ақпараттарды жедел жариялап, Ассамблея идеяларын насихаттаудағы үздік жұмысы үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы сайтының жүлдесі тапсырылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының жүлдегерлерін марапаттау салтанаты 2016 жылғы 21 қазан күні сағат 14.30 да, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Жамбыл» залында (Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 50) өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.
-
ҚХА XXXII СЕССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ АССАМБЛЕЯНЫҢ «КӨЗҚАРАС» АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз
-
Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді
-
Солтүстік Қазақстан облысында журналистика саласындағы «Шаңырақ» облыстық конкурсына қорытынды жасалды
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
«Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті.
-
ҚХА XXXII СЕССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ АССАМБЛЕЯНЫҢ «КӨЗҚАРАС» АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысуға шақырамыз
-
Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді
-
Солтүстік Қазақстан облысында журналистика саласындағы «Шаңырақ» облыстық конкурсына қорытынды жасалды