Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2021

483

Шалқарда «Тарих және тағдыр» атты дөңгелек үстел өтті

Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Шалқар аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, Шалқар аудандық балалар кітапханасы ғимаратында "Тарих және тағдыр" атты дөңгелек үстел өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Аталған шараға аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, кітапхана қызметкерлері, зейнеткер теміржолшы К.Досов, зейнеткер кітапханашы О.Сүйінова қатысты.

Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы М.Бекетова азаттықты армандап кеткен бабаларымызды еске алу, оларға тағзым ету Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін қасиетті парыз екендігін айтып өтті.

Сондай-ақ шара барысында оқушылар қуғын-сүргін құрбандарына арнаған өлеңдер оқыды.

Кейін қарай