Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қазан, 2015

895

«Шалом» еврей этномәдени бірлестігі қайырымдылық жасады

Шалом» этномәдени бірлестігі мен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының оқу-курстық комбинаты тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Қайырымды жандар игі іс барысында жағдайы нашар жанұяларға тегін азық-түлік пен киім-кешек үлестірді. Әлеуметтік көмек алғандардың қатарында, жалғызбасты ана Танзила Гулиева да бар. Бізді елеп-ескерген қайырымды жандарға рахмет, дейді ол. «Менің балаларымның алды мектепке барады. Жалғыз өзім болғандықтан оларға кейде қажетті нәрселерін алып бере алмай жатамын. Бізге көмектесіп жатқан қайырымды жандарға алғысым шексіз. Біз мұндай көмекті жыл сайын алып тұрамыз. Қуанышымда шек жоқ», деді ол.

«Шалом» этномәдени бірлестігі мен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының оқу-курстық комбинаты тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Қайырымды жандар игі іс барысында жағдайы нашар жанұяларға тегін азық-түлік пен киім-кешек үлестірді. Әлеуметтік көмек алғандардың қатарында, жалғызбасты ана Танзила Гулиева да бар. Бізді елеп-ескерген қайырымды жандарға рахмет, дейді ол. «Менің балаларымның алды мектепке барады. Жалғыз өзім болғандықтан оларға кейде қажетті нәрселерін алып бере алмай жатамын. Бізге көмектесіп жатқан қайырымды жандарға алғысым шексіз. Біз мұндай көмекті жыл сайын алып тұрамыз. Қуанышымда шек жоқ», деді ол.

Игі шараны ұйымдастырушы «Шалом» этномәдени бірлестігінің мүшесі Зарина Авсиевич мұндай қайырымдылық акцияларының әлі де жалғасын табатынын мәлімдеді. «Біз мұндай игі акцияларды жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз. Мақсатымыз – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу. Қайырымды іс жасауды әр адамның азаматтық парызы деп білемін», деді ол.

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай