Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қыркүйек, 2015

1132

«Шарап күні» мейрамы тойланды

2015 жылғы 9 қыркүйек күні облыс орталығындағы жастар шығармашылығы үйінде «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен неміс халқының дәстүрлі «Шарап күні» мейрамы тойланды.

2015 жылғы 9 қыркүйек күні облыс орталығындағы жастар шығармашылығы үйінде «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен неміс халқының дәстүрлі «Шарап күні» мейрамы тойланды.

Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты:

– облыс және қала тұрғындарын неміс халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен және әдет-ғұрыптарымен таныстыру;

Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін көрсету.

Мерекеге өндіріс орындары мен мекемелердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, әскери қызметкерлер, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиналған жұртшылыққа арнап құттықтау сөз сөйлеген «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Фрицлер Э.Р., неміс халқының салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары туралы айта келіп, жүзім жинау ісінің ерекшілігіне тоқталды және «Шарап күні» мейрамының мәнін түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қапақов Ғ.Х. құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік іс-шара барысында неміс халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының ерекшелігі туралы слайд көрсетілді.

Сахнада неміс, қазақ және орыс тілдерінде көптеген әндер орындалып, екі тілде достық пен татулық туралы аңыз оқылды. Сонымен қатар концерттік бағдарламада ұлттық билер және басқа да көптеген музыкалық номерлер болды.

Тақырып бойынша ұйымдастырылған сұрақ-жауап викторинасы көрермендерге айрықша әсер қалдырды.

Концерттік бағдарлама аяқталған соң, қонақтар неміс ұлтының дәстүрлі тағамдарының дәмін татуға арналған фуршетке шақырылды.

БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ

Кейін қарай