Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Шілде, 2016

865

ҮШЕМДЕРДІҢ АНАЛАРЫНА СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫС ЕТТІ

34 жастағы Салтанат Карбоз шекесі торсықтай ұлдарын Ерасыл, Нұрасыл мен Жанасыл деп атапты. Тізгін ұстар сәбилер айы-күніне жетіп өмірге келген. Ал мерзімінен бұрын босанған байқоңырлық 22 жастағы Гүлзира Шағатаева 3 қыз баланы дүниеге әкелді. Дәрігерлер Әмина, Алина және Ләйлә есімді нәрестелердің жағдайы бірқалыпты дейді.

Бақытқа бөленген аналар мен сүйкімді сәбилерге сый-құрмет көрсетілді.

Жыл басынан бері аймақта 8 мыңнан астам бала жарық дүние есігін ашыпты. Оның 120-сы егіз де, 3-еуі  - үшем.

Салтанат Карбоз: - Үйде қызымыз бар. Енді оның 3 інісі болады. Бірінші УЗИ-ге түскен кезде үшем деп айтқан кезде қуанып қалдым өзім. Үшеуін тәрбиелеуге әжелері көмектеседі.

Гүлнар Жұмашева, облыстық перинатальдық орталықтың бас дәрігері:

- Жүкті әйелдеріміз үнемі дәрігер бақылауында болды. Орталыққа келіп босанып, 1 үшеміміз уақытына сәл жетпей дүниеге келді. Салмағы 2 келінің маңайында. Екіншісі уақытына жетіп босанып, анасының да, балалардың да дендері сау. Осы кезде үйлеріне шығуға дайындалып жатыр.

Кейін қарай