Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Мамыр, 2019

3082

Шерзод Пулатов: Қазақстан халқының бірлігі нығая берсін

Құрметті Отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! 
Әр үйде бақ-береке, шаттық-мереке орнасын. Тәуелсіз Қазақстан халқының татулығы берік, шаңырағы биік болсын. 

Достығымыз нығайып, әрбіріміздің жетістіктеріміз үшін қуанышты болайық. Бірлігіміздің рухы асқақтап, Отанымыздың гүлденуіне күш біріктірейік.

Елбасы айтқандай, біз әртүрліміз, бірақ теңбіз, өйткені Отанымыз бір, тағдырымыз бір!
Мейрам құтты болсын, достар!
Шерзод Пулатов, 
ҚХА Төрағасының орынбасары,
өзбек этномәдени орталығының төрағасы

Кейін қарай