Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Тамыз, 2017

1272

Әшімов Бәйкен Әшімұлына ескерткіш қойылды

Қоғамдық сананы жаңғырту – Қазақстан қоғамының жаңа даму жолы, бір ұлтты қалыптастыру, қазақстандық отансүйгіштікті нығайту кезеңі. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асырудың бір маңыздылығы, ол Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан, өз Отанының келешек ұрпақтарына аса құнды мұра қалдырған ұлы адамдардың атын мәңгілік ету.

4 тамызда Петропавл қаласында қоғам қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы – Әшімов Бәйкен Әшімұлының жүз жылдығы шеңберінде оған арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Ол –  шынында да, жерлестерімізге үлгі және адалдық эталоны болған өте ғажап адам.

Бәйкен Әшімов – аса көрнекті совет, партия, мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Бәйкен Әшімов "Дәуірдің адамы" деп атауға әбден лайық адам, себебі ол шынында да, ақылды, көреген, адалдықты, адами қадір-қасиетін сақтай алған халықтың сүйікті перзенті.

Салтанатты жиналысқа қатысу үшін өңірдегі әр түрлі сала өкілдері келді. Олар: мемлекеттік қызметкершілер, қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым салаларының өкілдері және тағы басқалар.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын есте қаларлық оқиғамен құттықтап, сөз сөйледі. Өзінің сөзінде әкім осындай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлы адамдардың есімдері туған өлкеміздің даңқын шығарып, тарихта қалдыратынын атап өтті. Салтанатты митингте Бәйкен Әшімовты еске алып, сөз сөйлеп, алғыс білдіргісі келген көп адам қатысты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы сөзінде Әшімов Бәйкен Әшімұлының өмір жолы қиындыққа қарамастан, жарқын және ұмтылмас болғанын атап өтті. Ол сауатты саясаткер және көрнекті қоғамдық қайраткері ретінде тағдырдың барлық тауқыметін батыл қарсы алды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 4 және 5-шақырылымдарының депутаты Анатолий Башмаков құттықтау сөзінде  жиналған қауымды және әкесінің атын мәңгілікке қалдыру үшін қосқан үлкен үлесі үшін Бәйкен Әшімовтың баласы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, академеик Ондасын Бәйкенұлы Әшімовты құттықтады. Одан басқа, Еңбек Ері, облыстың құрметті азаматы Ысқақов Жақсылық Ғабдуллұлы құттықтау сөз айтты. Ол 1932 жылы Петропавл темір жол фабрика-зауыт училищесінің слесарьлық оқуына түсу үшін Айыртау ауданынан облыстық орталығына дейін жаяу келген Бәйкен Әшімовтың жолы туралы айтты.  Білімге, ғылымға деген оның қызығушылығы осындай болған. Осыдан кейін Ленин агрономия-зоотехникалық ауыл шаруашылық техникумын бітірді. 1938 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин аудандық комсомол комитетінде саяси оқу бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Саясат аренасында оның еңбек жолы басталып келе жатқанда, соғыс басталып, ол Ұлы Отан соғысына аттанды. Қайраткерлігі мен ерлігі үшін Бәйкен Әшімов екі рет 1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Ол мынандай лауазымдарда қызмет атқарған: аудандық атқару комитетінің хатшысы, Қазақ КСР компартиясы Көкшетау партия комитетінің екінші хатшысы, Қарағанды атқару комитетініңі төрағасы, Талдықорған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1969 жылы  КПСС орталық комитеті жанындағы  Жоғары партия мектебін бітірді.

Еңбек ардагері, Петропавл қаласының құрметті азаматы Дядин Алик Мамедович өз сөзінде қай этносқа және қай дінге жататынымызға қарамастан барша қауымның лайықты адамды еске алуға шыққанының біз үшін қандай қымбат екенін атап өтті. Себебі, бұл – ұлттық бірлігіміздің, бейбітшілік пен келісімнің көрсеткіші.

Қазіргі уақытта, Петропавл теміржол көлігі колледжі Әшімов Бәйкен Әшімұлының есімімен аталады. Студенттер өз оқу орны мен оның атын мақтаныш ететін колледж студенті Мария Андреева атап айтты. Ол осындай тұлғаларға қарап, Қазақстанның жастары қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиеленіп, өсетініне өте қатты сенетінін жеткізді. Олар әрі қарай оқуға, Отан игілігіне қызмет етуге ұмтылады.

Қорытынды сөз М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, академик Ондасын Бәйкенұлына берілді. Ол қатысқан барша қауымға алғыс білдіре келе, елімізге бейбітшілік пен келісім, ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының гүлдене беруін тіледі. Содан соң, ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

Тәуелсіздік Қазақстанның құрылуы мен дамуына елеулі үлес қосқан  Бәйкен Әшімовтың аты халықтың есінде мәңгілікке қалады.

Дата события ассамблеи: 07.08.2017

Кейін қарай