
29 Қыркүйек, 2016
716
Шын жүректен!
2016 жылдың 27-ші қыркүйегінде Көкшетау қаласының балалар мен жасөспірімдер кітапханасында биылғы жылдың 7-ші қыркүйегінде басталған «Шын жүректен» қайырымдылық науқанының және 2016 жылғы 29 қыркүйекте басталатын қайырымдылық телемарафоны шеңберінде «Ризашылық, мейірім шын жүректен балаға» атты қайырымдылық науқаны өтті.
Қайырымдылық науқанының мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына жаны ашу, мұқтаж адамдарға көмекке келу, мейірімді, төзімді болу қасиеттерін сіңіру.
Іс-шараның қатысушылары – «Аялау» орталығындағы қимыл-тірек аппаратының ауытқуларына ұшыраған мүгедек балалар, олардың тәрбиешілері, психоневрологиялық патологияға шалдыққан балалар, Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 4-ші сынып оқушылары, ата-аналар.
«Шын жүректен» республикалық телемарафонының бастамашысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі болып табылады.
ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері, «Нұр Отан» партиясы филиалының қалалық кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Зере Қыйықова «Шын жүректен» қайырымдылық науқанының екінші кезеңі туралы айтып берді.
Әзербайжан этномәдени орталығының өкілі, Аналар кеңесінің мүшесі Зенфира Новрузова балаларға сыйлықтар тапсырды.
Жоғарыда аталған мүгедек балаларға арналған медициналық мекемелердің өкілдері Орынтай Қасенова және Эльмира Сайфутдинова жиналған қауымды өздерінде өтетін жұмыстармен таныстырды.
Өздерінің тәрбиешілерімен бірге келген мүмкіндіктері шектеулі дарынды балалар әндер айтып, өлеңдер оқыды, би биледі, шығармашылық жұмыстардың көрмесін ұсынды.
Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 4-ші сынып оқушылары өздерінің мұғалімдері Баян Құлмағанбетова, Айнұр Сабдинамен және ата-аналарымен бірге, мүгедек балаларға сыйлықтар беріп, оларға арнап тәтті тамақтарға толы дастархан жайды.
Бақыт Мұхамедрахимова-Тасова,
«Қоғамдық келісім»
КММ-нің баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбындағы халықаралық конференция
-
Сіздерді 9-мамыр – Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
«Туған ауылы, туған жері үшін әр қазақстандық азамат шынайы қызмет етсе деймін...»
-
«Барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды»
-
Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері Риддер тұрғындарына қол ұшын созды
23 Мамыр, 15:42
«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Референдум – бірлікпен әділеттікке» тақырыбындағы дөңгелек үстел
20 Мамыр, 16:14
«2022 жылғы референдум: жаңа саяси өлшем және Екінші Республика» тақырыбындағы республикалық әдістемелік семинар
21 Мамыр, 00:10
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 29 сәуірде ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесі
25 Мамыр, 12:41
"Жаңа Қазақстан: тарихи сананы жаңғырту контексіндегі Еуразия этностар мен мәдениеттер республикалық ғылыми-практикалық конференциясы"
20 Мамыр, 20:14
Алматы облысы ҚХА жанындағы «Парасат» тіл жанашырлары клубы мүшелерімен кездесу
Ұқсас жаңалықтар
-
«Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбындағы халықаралық конференция
-
Сіздерді 9-мамыр – Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
-
«Туған ауылы, туған жері үшін әр қазақстандық азамат шынайы қызмет етсе деймін...»
-
«Барлығы шын жүректен бейбітшілік пен тыныштықты қалайды»
-
Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері Риддер тұрғындарына қол ұшын созды