Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Желтоқсан, 2020

371

Өскеменде ҚХА қоғам қайраткерлері мен белсенділерді мерейтойлық медалімен марапаттады

Өскемен қаласының Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығында қоғам қайраткерлері мен белсенділер Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық медалімен марапатталды

Ширек ғасыр ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтық қоғамды шоғырландырудың тиімді тетігіне айналып, өзінің дамуында үлкен серпіліс жасағаны мәлім.


- Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық медалімен белсенділеріміз бен қоғам қайраткерлерімізге табыстауды жөн деп таптық. Оларға бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, қоғамның мәдени ағартуына, сондай-ақ Достық үйіміздің және тікелей Қазақстан халқы Ассамблеясының өркендеуіне қосқан үлестері үшін көп рақмет айтамын, – деді облыстық Достық үйі басшысының міндетін атқарушы Жанар Алканова.

Кейін қарай