Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Ақпан, 2021

420

Өскеменде Сольналь мерекесіне арналған онлайн концерт өтті

Өскемен қаласының Достық үйі Корей этномәдени бірлестік орталығымен бірлесіп, Сольналь мерекесіне арналған онлайн концерт өткізді.

Іс-шара бастамасын Достық үйі – «Қоғамдық келісім орталығы» басшысының орынбасары Равиль Юсуповтың құттықтау сөзінен кейін «Шығыс Қазақстан кәрістер қауымдастығы» бірлестігінің белсенді мүшесі Эльза Цой ән орындады.

Концерт барысында Сольналь мерекесінің тарихы мен оның дәстүрлері жайлы айтылып, кеш қонақтары Тамара Нам, Римма Ким, Фарид Исмаилов өз өнерлерін паш етті.

- Барша қауымды Сольналь мерекесімен құттықтаймын. Бұл Шығыс елдері үшін үлкен мейрам. Сіздерге амандық, бақыт, елімізге бейбітшілік тілеймін, - деп, ізгі тілегін білдірді бірлестік төрайымы Юлия Кунст.

Шара соңында бірлестік белсенділеріне алғыс хаттар мен төс белгілер табыс етілді.

Кейін қарай

Ең оқылымды