11 Мамыр, 2017
876
Әскери мерейтой
Жамбыл жерінде Ұлы Жеңістің 72 жылдығы, ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №5513 әскери бөлімшесі ұйымдастырды.
Жамбыл облысы әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров өз құттықтау сөзінде қазақстандықтардың аталған айтулы даталарға ерекше қарайтынына тоқталды.
«Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттар мен ұлыстардан құралған әскери мерейтойы көптеген отбасылардың төл мерекесі іспеттес. Себебі олардың ата-ағалары Ұлы Отан соғысы жылдарында елін, жерін қорғаған. Бүгінде олардың немерелері тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінде Отан алдындағы борышын өтеп келеді. Сондықтан да сіздерді осы мерекемен құттықтау – біз үшін өте маңызды. Бір айта кетерлігі, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №5513 әскери бөлімшесі көп жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келеді».
Іс-шара барысында әскери қызметкерлер Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова сынды қазақстандық батырлардың ерлігін театрландырылған көріністер арқылы көрермен назарына ұсынды. Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру бөлімі іс-шара қонақтарын қызықты номерлермен қуантты. «Радонеж» орыс орталығының дуэті «Ты же выжил, солдат», «Идет солдат по городу» әндерін орындаса, күрд ЭМБ әншісі Осман Делихасан-оғлы қазақ тілінде «Жаса, Қазақстан!» патриоттық әнін шырқады. Ал жақында ғана құрылған «Үкілім-ай» би тобы концертке сән беріп, көрермендерге айрықша көңіл-күй сыйлады.
Концерттік номерлер іс-шараның ауқымдылығы мен мерекелердің маңыздығын көрсеткендей.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
Павлодар қаласының 6679 гвардиялық әскери бөлімінде биылғы жылғы жаңа шақыру
-
Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кездесу өтті
-
ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ НАҒЫЗ ПАТРИОТ, РУХТЫ, ОТАНШЫЛ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БУЫНЫ ҚАЛЫПТАСУДА
-
Атырауда "Камелия" ұлттық би ансамблінің 30 жылдық мерейтойына арналған "В кругу друзей" атты мерекелік концерт өтті
-
Қостанай облысының Белорус қауымдастығы алғашқы мерейтойын атап өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті